+7 (7187) 34-74-90

Негізгі міндеттерді іске асыруға арналған бөлім және белгіленген заңнама тәртібінде өз мақсаттарын жүзеге асыруға құқылы:

Салық органдарынан және өзге де аумақтық органдардан, сонымен қатар, бюджеттік мекемелерден бюджетке түскен салық түсімдерінің және басқа міндетті төлемдер сомалары туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, түрі мен мерзімі бойынша статистикалық материалдарды, оның орындалуын ұйымдастыру үшін өзге де материалдарды сұрау және алу;

Мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысуымен заңдық тұлғалардан, өкілетті органдардан қаржылық және өзге де қажетті материалдарды сұрау және алу;

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен есептерді, бухгалтерлік теңгерімдерді,бюджетті орындауды ұйымдастыру үшін қажетті есептерді алу;

Семинарларды, бюджетті орындау мәселелері бойынша кеңестерді, бухгалтерлік есепті және мемлекеттік сатып алуды белгіленген тәртіпте жүргізу;

Коммуналдық мемлекеттік заңдық тұлғалардан, мемлекеттің қатысуымен заңдық тұлғалардан, өкілетті органдардан қаржылық және өзге де қажетті материалдарды, аудандық коммуналдық мүлікті, барлығына және пайдалануға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты сұрайды және алады;

Заңнамаға сәйкес, өзге де құқықты жүзеге асыру;

Өкілеттік анықтаған заңдардың, нормативтік актілердің, бөлімнің мақсаттары мен міндеттерінің тізімі

  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827 Жарғысы;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау Жүйесін бұдан әрі қалыптастырудың кейбір мәселелері туралы» №931 Жарғысы;
  • Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексі;
  • Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі (жалпы бөлім);
  • Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 Азаматтық кодексі;
  • Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 411 Азаматтық іс жүргізу кодексі;
  • Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» №303 Заңы;
  • Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» №94-І Заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы » N 310 Заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы» N 109 Заңы;
  • Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» N 220 Заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» N 413-ІV Заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы «Бәсекелестік туралы» N 112-ІV Заңы;
  • Қазақстан Республикасының 9 тамыздағы «Жекешелендіру нысандарын сатуды бекіту туралы» N 920 Қаулысы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» №616 Қаулысы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 шілдедегі «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгі шартын бекіту туралы» № 873 Қаулысы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылу және жойылу қағидасын бекіту туралы» № 615 Қаулысы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» N 833 қаулысы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» № 220 Қаулысы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» № 1301 Қаулысы;
  • Жоғарғы соттың 2006 жылғы 20 сәуірдегі «Меншік иесі қалдырған, тұрғын үйге құқығы туралы, дауларды сотпен қарау тәжірибесі туралы» N 3 Қаулысы;
  • Қазақстан Республикасы қаржы Министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы «Бюджеттік мониторингті жүргізу ережелерін бекіту туралы» №68 Бұйрығы;

Мемлекеттік органды құру туралы тарихи анықтама

Екібастұз қаласы әкімдігінің 1999 жылғы 5 қарашадағы «Екібастұз қалалық қаржы басқармасы туралы» №533 шешімімен «Екібастұз қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Екібастұз қалалық қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып ауыстырылды.

Екібастұз қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 16 қарашадағы «Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, атқарушы органдардың қайта ұйымдастырылуы және қайта аталуы туралы» № 585/12 Қаулысымен, «Павлодар облысы бойынша қаржы Департаменті» мемлекеттік мекемесінен берілген «Екібастұз қалалық қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылды

Сайтта

Қазір 96 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр