+7 (7187) 34-74-90

Екібастұз қаласы әкімдігінің

2017 жылғы «15» желтоқсандағы

№ 1482/12 қаулысымен

бекітілген

  

                                                                           

«Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Екібастұз қаласы бюджетінің орындалуы жөніндегі бухгалтерлік есепті, бюджеттік есепті және бюджеттік есептілікті жүргізу, аудандық коммуналдық мүлікті басқару және оны қорғауға қатысты шаралар қолдану саласында басшылықты іске асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.  
  3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Казақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органында шоттары болады.
  5. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің  мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі»  мемлекеттік мекемесі  басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
  8. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141208, Екібастұз қаласы, Энергетиков көшесі, 62-құрылыс.
  10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел финансов акимата города Экибастуза».

  1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидасымен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: бес күндік жұмыс аптасына сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін,  демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

  1. Мемлекет Екібастұз қаласының әкімдігі тұлғасында «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
  2. Осы Ереже «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  4. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен қірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызмет нысаны, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. Миссиясы: Екібастұз қаласының жергілікті бюджетін орындау және аудандық коммуналдық мүлігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.
  2. Мақсаты: бюджеттік қаражатты уақытылы және толық игеру және аудандық коммуналдық меншік мүлігін тиімді пайдалану.
  3. Қызмет нысаны: жергілікті бюджетті орындау және аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік саясаттың қалалық деңгейінде жүзеге асыру.
  4. Міндеттері:

1) бюджеттің орындалуын ұйымдастыру және бюджеттің орындалуы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;

2) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық меншікті басқару;

3)  Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамамен және қала әкімдігімен жүктелген басқа да міндеттерді атқару болып табылады.

  1. Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Екібастұз қаласы бюджетінің төлемдері бойынша қаржыландыру және түсімнің жинақтау жоспары, міндеттемелері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасауды, бекітуді және жүргізуді іске асырады;

2) әкімшілендірілетін түсімдерді толық және уақытылы түсуін қамтамасыз етеді, бюджетке берешекті өтеу есебінен түсімдердің артық (қателесіп төленген) сомасын қайтарумен немесе есепке алумен, олардың түсіміне және мониторингті іске асырады;

3) бюджеттік қаражаттарды басқаруды іске асырады;

4) мемлекеттік мекемелерімен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен түсімдер және шығындыр бойынша бағдарлама әкімгерлерінің жиынтық жоспарын келіседі;

5) бюджеттік мониторингті іске асырады;

6) Екібастұз қаласы бюджетінің орындалуы жөніндегі бухгалтерлік есепті, бюджеттік есепті және бюджеттік есептілікті жүргізуді іске асырады;

7) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша уәкілетті органмен есептілікті құрайды;

8)  өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында құқықтық актілерді әзірлейді;

9) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық меншікті басқару бойынша функцияларды орындайды;

10) жекешелендіру жүргізу жергілікті атқарушы органмен алдын-ала келісілген, аудандық коммуналдық мүлік нысанының тізіліміне қосылған, аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша облыстың жергілікті атқарушы органның алдын-ала келісімін алады;

11) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда – саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін маусымдық баспа өнімдерін анықтау мақсатында конкурс өткізеді;

12) аудандық коммуналдық заңды тұлғалармен аудандық коммуналдық мүлікті бекіту бойынша іс-шара өткізеді;

13) өз құзыреті шегінде жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына аудандық коммуналдық мүлікті табыстау туралы актілерді әзірлейді;

14) аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, соның ішінде мүліктік жалға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға табыстау туралы шешімді әзірлейді;

15) Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасы тәртібінде танылған, коммуналдық меншікке бағытталған ауданық коммуналдық мүлікті, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке иесіз жіберілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасы тәртібінде өтеусіз танылған иесіз қалған мүлікті, қараусыз қалған жануарларды табу, коммуналдық меншікке ақысыз жіберілген мәдени құндылыққа жататын заттарды ұстамайтын, қойма үлесін, әрі қарай пайдалану және бағалау, сақтау, есепке алуды ұйымдастырады;

16) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді іске асырады, соның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды қатыстырады, жекешелендіру нысанының бағалануын қамтамасыз етеді, жекешелендіру нысанының сатып алу – сату шартын дайындау және жасауды, сатып алу – сату шартының талаптарының сақталуын бақылауды іске асырады, жекешелендіру нысанын бағалауды қамтамасыз етеді;

17) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді;

18) мемлекетке тиесілі жарғылық капиталда қатысу үлесі жаупакершілігі шектеулі серіктестігінің арасында уақытылы таза табысты бөлуді бақылу  жүргізеді;

19) ведомствоға қарасты заңды тұлғаларды басқару мәселелері бойынша актілерді әзірлейді, олардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді;

20) мемлекеттің қатысуымен ведомствоға қарасты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын бақылайды және олардың орындалуына талдау жасайды, есептерін қарастырады, келіседі, бекітеді;

21) ведомствоға қарасты ұйымдардың мүліктерін пайдалануды және сақталуын бақылауды іске асырады;

22) пәтерлерді иесіз жылжымайтын мүлік ретінде есепке қою, заңды және жеке тұлғалардың иесіз, (тастап кеткен) жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізеді;

23) мемлекеттік органның міндеттеріне байланысты істер бойынша жеке және өкіл арқылы талап арыздарды (басқа да өтініштерді) ұсынады және соттарда шағымданады;

24) Екібастұз қаласының коммуналдық меншік құқығын тіркеу, тұрғын және тұрғын емес нысандарды коммуналдық меншікке қабылдау бойынша қажетті ресімдер өткізеді.

25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі»  мемлекеттік мекемесіне жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асырады.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Екібастұз қаласы бойынша  мемлекеттік кірістер басқармасынан, басқа да аумақтық органнан, сондай-ақ бюджеттік мекемелерден бюджетке салық түсімдерінің сомасын және басқа да міндетті төлемдер, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нысан және мерзім бойынша статистикалық материалдар, оның орындалуын ұйымдастыру үшін қажетті басқа да материалдар туралы ақпаратты сұрау және алу;

2) мемлекеттің, уәкілетті органдарың қатысумен заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті қаржылық және басқа да құжаттарды сұрау және алу;

3) бюджеттің орындалуын ұйымдастыру үшін қажетті міндеттер және төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарын орындалауы бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінен қаржы және бюджет есептерін алу:

4) белгіленген тәртіпте бюджеттің орындалуы, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша семинарлар, мәжілістер өткізеді;

5) коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғалардан, мемлекеттің қатысумен заңды тұлғалардан, уәкілетті органдардың аудандық коммуналдық меншіктің бар болуы және пайдалануына байланысты мәселелер бойынша ақпаратты, қажетті қаржылық және басқа да құжаттарды сұрау және алу;

6) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді  қарау;

7) Қазақстан Республикасының  заңнамасымен белгіленген өзге де құқықтар мен міндеттерді іске асыру.

  1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі»

 мемлекеттік мекемесінің қызметiн ұйымдастыру

 

  1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшысы жүзеге асырады.
  2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысын Екібастұз қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;

2) «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметшілеріне міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;

3) белгіленген заң тәртібінде «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметшілерін мадақтайды, оларға материалдық көмек көрсетеді, тәртіптік жаза қолданады;

4) «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда таныстыра алады;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келісімшарт жасады және сенімхаттар береді;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жұмыстар ұйымдастырады және персоналдық жауапкершілікке тартылады;

7) қазынашылық органымен мемлекеттік органдармен төлемдерді өткізу бойынша, соның ішінде ақша алушылардың сәйкес шоттарына тоқсандық салыстыруды қамтамасыз етеді;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді іске асырады.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірініші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.
  2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен Екібастұз қаласының әкімдігі арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
  3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
  1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі»

 мемлекеттік мекемесінің мүлкi

 

  1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгесі көзделмесе «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

  1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік ұйымдардың тізбесі

1) «Офис-сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

2) «Екібастұз дауысы – ақпараттық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

 

                                                                    

                              

Сайтта

Қазір 159 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр