+7 (7187) 34-74-90

12 03 2020

Екібастұз қаласының әкімдігі «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ тұлғасында «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу үшін 2020 жылдың 12 наурызынан бастап 19 наурызына дейін Энергетиктер көшесі 62 мекенжайы бойынша №220 кабинетте сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін (түскі үзіліс уақыты сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) өтініштерді қабылдайтынын хабарлайды.

Бағдарлама ЖАО кезекте тұрған мына санаттағы азаматтар арасында іске асырылады:

- кәмелет жасқа толмаған төрт баласы бар, күндізгі оқу орныныда оқитын, 23 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда, көпбалалы отбасылар;

- кәмелет жасқа толмаған балалары бар толық емес отбасылар;

- мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасы;

Құжаттардың тізбесі:

1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктері (түпнұсқа және көшірмелері);

2) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (қажеттілігіне қарай) куәліктердің (түрнұсқа және көшірмелері);

3) өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы бойынша меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама;

4) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның сипаттамалары туралы анықтама ( үлестің болуы, саман және қамыс үйлердің, жатақханада бөлменің болуы) және осы жағдайларда құқықтық туындайтынын рас-тайтын құжаттар;

5) соңғы 12 ай ішіндегі кірістер туралы мәлімет;

6) өтініш иесінің қай санатқа жататындығын растайтын құжат ( толық емес отбасылар – некені бұзу туралы куәлік, әкелікті белгілеу, анасының сөзінен жазылған анықтама, мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар- мүгедектік және көп балалы отбасылар туралы анықтама).

Сайтта

Қазір 17 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр